«Сіздің денсаулығыңыз – біздің қорғанымыз да!» жобасы

«Даналық» колледжі

 2017-2018 оқу жылы басында «Мейірбике ісі» бөлімі Астана қаласының «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен бірігіп «Сіздің денсаулығыңыз – біздің қорғанымыз да!»  жоба жоспарын құрды.

_MG_6990-min

Жоба жетекшісі «Медибкелік іс» бөлім меңгерушісі Нұрғалиева И.Ө.

Бұл жобаның мақсаты «Шарапат» орталығындағы қарттарға, мүгедектерге студенттер тарапынан жылулық лебіз таныту, науқастарға күтім жасау,  көңілдерін аулау, қол ұшын беру, медициналық ем-шараларға апару, жеке бас гигиенасы бойынша көмектесу, әңгімелесу, қолдан келгенше жәрдем беру.

_MG_7003-min

Бөлім студенттері осы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 6 қазан күні «Шарапат» орталығына «Денсаулық –саналықты қажет етеді» жеке сұхбат және «Ізгілік пен құрмет» қарттарды мерекемен құттықтау шарасын өткізді.

Шара барысын да студенттерге шақырылған қарттарды қарсы алды, жүрулері қиын қарттарды кресло арбашаларымен акелсе, кейбіреулерін қолдарынан демеп әкелді. Әрбір студент қарттардың көңілдеріне жылулық ұялату негізін де жеке-жеке сұбхаттар жүргізді.

_MG_7006-min

Қазақ тілі пәні оқытушысы Темирбаева А.М «Ізгілік пен құрмет» музыкалық құттықтауды ұйымдастырып, бөлім студенттері әсем ән мен тамаша билерді сахнаға шығарды.

Ешбір қарт көңілсіз қалмады.

Шара  соңынан қарттарға  шағын сыйлықтар  сыйға тартылды.

_MG_7040-min _MG_7081-min